Павлодар облысында кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Павлодар облысында кісі өлтіру бойынша күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында кісі өлтіру бойынша күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары кісі өлтірді деген күдікпен Павлодар облысының 23 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Мұнымен қатар, аса ауыр қылмысты жасырған деген күдік 24 жастағы азаматқа түсіп отыр. Күдіктілер Павлодар қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар өз қылмыстарын мойындаған. 

Қазіргі уақытта, тәртіп сақшыларының айтуынша, осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 432-бабы (қылмысты жасыру) және 99-бабы бойынша (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында Талғар ауданында ер адам төрт кісіні пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Полицияның мәліметінше, ер адам төрт кісіні Талғардағы үйлердің бірінде бауыздап тастаған. Күдікті дереу ұсталды. Тәртіп сақшылары кісі өлтіру мотивінің олардың арасындағы қырғи-қабақ қарым-қатынас болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бірақ нақты мотив әзірше белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer