15 қараша 2021 17:35

Павлодар облысындағы жол апатынан кейін "Қазақавтожол" ЖШС жазалануы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақавтожол" ЖШС екі адам қаза тапқан Павлодар облысы тасжолындағы қарды дұрыс тазаламағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақавтожол" ЖШС екі адам қаза тапқан Павлодар облысы тасжолындағы қарды дұрыс тазаламағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық полицейлер бірден екі адамның өмірін қиған жол апатының себептерінің бірі жолды қардан дұрыс тазаламау болғанын жоққа шығармайды.

Аймақтың ПД мәліметінше, апат 14 қарашада сағат 10.40-та Павлодар - Успенка-РФ шекарасы тасжолының 72-шақырымында болған.

"ВАЗ 21074 автокөлігінің 70 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүріп, көктайғаққа байланысты Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 70 жастағы ВАЗ жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Екінші көліктің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.


Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Екі автокөлік те айыппұл тұрағына қойылды. Полиция жол апаты себептерінің бірі "Қазақавтожол" ЖШС-нің қар тазалау бойынша тиісті ұйымы болмауы мүмкін екенін атап өтті.

"Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында осы автожолға қызмет көрсететін "Қазақавтожол" ЖШС ұйымын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Қайыров.

Еске салайық, апат салдарынан бір жеңіл көлік екі бөлікке бөлінген. Келген дәрігерлер екі адамның қайтыс болғанын анықтап, зардап шеккен үш адамды Успен аудандық ауруханасына жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети