19 тамыз 2019 09:30

Павлодар орталығындағы төбелес: Оқиғаның мән-жайы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодардың орталығында төбелес шығарған жігіттердің қылығы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодардың орталығында төбелес шығарған жігіттердің қылығы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 

Болған оқиғаны Instagram желсінде жариялаған - куәгерлер. Кадрлардан екі жігіттің арасындағы келіспеушілік кафе алдында болғанын көруге болады. Екеуін ажырату үшін алдымен бір жігіт, кейін тағы біреуі және қыз келеді. Осы уақытта жерде екі ер адам жатады, біреуі қозғалмайды, екіншісі оны көтеріп жатыр. Қара көйлек киген жігіт қарсыласын ұруын тоқтатпайды, оны күшпен құлатады, кейін жерде жатқан екеуін ұрып, тепкілейді. Қыз ызалы жігітті зардап шеккен біреуінен ажыратуға тырысады. Сол кезде тағы бір ер адам қызды қолынан ұстап, шетке сүйреп әкетеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тандырный дворик. 18/08/19 видео: @pavlodar_bezopasnost

Публикация от Новости Павлодара и KZ (@pavlodar_city_life)

Тағы бірнеше жігіт кафе кіреберісінде болып жатқан жағдайды қадағалап тұр.

Ал полицейлер бұл мекенжай бойынша шақырту болмағанын айтты.

"Аталған дерек бойынша өтініш түскен жоқ. Видео тіркелді, ол бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталады", - деп хабарлады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети