Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Павлодар соты полковниктің талап-арызын орындамады

11 Ақпан 2014, 23:57
0
Сурет  Tengrinews.kz мұрағатынан
Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан
Сот әріптесінің үстіне жығылған полковниктің қызметіне қайта қабылдау туралы арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz №1 Павлодар сотына сілтеме жасап.

Сотта айтылғандай, Павлодар қаласы ІІД қылмыстық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Бақытбек Байзелдиновтің қызметіне қайта қабылдау туралы талап арызы қанағаттандырылған жоқ. «Сот Байзелдиновтің талабын қанағаттандырудан толыққанды бас тартты», – деп жарияланды сот барысында.

Бұған дейін хабарланғандай, Бақытбек Байзелдинов Павлодар облысының ІІД және ҚР ІІМ шағымданып, өзін қызметтен заңсыз шығарылды деп тануды, сондай-ақ қызметінен шығарылған бұйрықты жоққа шығарып, өз орнына қайта қабылдауды талап еткен болатын. Сонымен қатар, ол сотта мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған күндерінің жалақысын өтеп беруді және бір миллон теңге көлемінде моральдық шығының төлеуді өтінген болатын.

Сондай-ақ, үстіне абайсызда полковник Байзелдинов жығылған экс-полицей Талғат Ешімов те қызметіне қайта қабылдау және мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған күндерінің жалақысын өтеу жөніндегі талап арызын Павлодар облысының ІІД-іне жолдаған. Павлодар облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма басшысының бұрынғы орынбасары басшысы екеуінің өзара түсінбеушілік үшін қызметінен заңсыз босаттылғандығын мәлімдеді. Жұмыстан шығарылған сәтте ол денсаулығына байланысты емделіп жатқан көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында жоғары лауазымды полицейлер дауласып қалып, арты төбелеске ұласқан. Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі төбелес болғандығын жоққа шығарып, офицерлер сөзге келіп қалды деп хабарлаған. Полицияның берген мәліметіне қарағанда, подполковник Талғат Ешімовтің кабинетіне кірген полковник Байзелдинов сүрініп құлап бара жатқандықтан оны жағасынан ұстаған, сөйтіп онымен бірге құлаған. Бірақ олардың ешқайсысы да медициналық көмекке жүгінбеген.

Болған іс бойынша ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті тергеу жүргізді. Соның нәтижесінде былтыр күзде ҚР ІІМ министрінің бұйрығымен "қызметтік этиканы бұзғандары үшін" екі қызметкер де жұмыстан шығарылды. Жоғары лауазымды офицерлер мұндай қатаң жазаға екеуара мәселелерін қызмет орнында шешпек болғандары үшін тартылған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай