12 маусым 2017 14:48

Павлодарда адам өлімімен аяқталған төбелестің мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда адам өлімімен аяқталған төбелестің мән-жайы анықталды. Оқиға орнында пышақ пен бильярд киінің сынықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодарда адам өлімімен аяқталған төбелестің мән-жайы анықталды. Оқиға орнында пышақ пен бильярд киінің сынықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полициядағылардың айтуынша, адамдардың "Арай" сауда үйінің маңына жиналғаны жайлы хабар ІІБ жедел әрекет ету орталығына 11 маусымда таңғы сағат шамамен 05.00-де түскен. Полиция жасағы үш минуттың ішінде оқиға орнына барып, ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстаған. 

"Оқиға орнында заттай айғақ ретінде "бабочка" пышағы, кий таяқтарының сынықтары, сондай-ақ, кафе ішінде және көшеде орналасқан видеокамералардың жазбалары алынды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Кафеде және көшеде болған барлық тұлға анықталып, олардан жауап алынды. Қылмыстық істің тергеуі бақылауға алынды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Еске салайық, көшеде шыққан төбелестен 43 жастағы ер адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақтпен ауруханаға жеткізілген болатын. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде, ал екеуі амбулаторлық ем алып жатыр.

Кісі өлтірді деген күдік 26 жастағы ер адамға түсіп отыр екен. Бірнеше күн бұрын ғана оның түрмеден шыққаны анықталды. Ұсталған тағы бір адам 25 жаста, ол қаза тапқан адамға қатысты бұзақылық әрекет жасаған деген күдікке ілінді. Екеуі де Ақсу тұрғындары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети