12 маусым 2017 12:43

Павлодар орталығындағы төбелес адам өлімімен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар орталығындағы төбелес адам өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар орталығындағы төбелес адам өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға қала орталығындағы "Арай" кафесінің маңында 11 маусымда таңғы сағат 5.00-де болған. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды. 

Роликтің кадрларынан жігіттердің төбелесіп жатқанын көруге болады. Салдарынан олардың бірі қаза тапқан. 

"Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 және 26 жастардағы екі ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандар "Арай" кафесінің маңында 43 жастағы ер адамды ұрып-соққан, кейін ол алған жарақатынан қайтыс болған", - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері. 

Осы дерек бойынша "Адам өлтіру", " Бұзақылық" баптарымен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар, ІІД өкілдері оқиға орнынан 25, 31 және 33 жастардағы үш адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети