Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Павлодарда автобус жүргізушісі ұрыны ұстау үшін жолаушыларды қамап қойды

02 Ақпан 2016, 17:44
0
© cheremuha.com
© cheremuha.com

Павлодарда автобус жүргізушісі ұрыны ұстау үшін жолаушыларды салонда қамап қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана - Өскемен" бағытындағы автобус жолаушыларының бірі 120 мың теңгесінің жоғалып кеткенін байқайды. Осыдан кейін жүргізуші полицейлерді шақырып, автобустың есігін жауып тастаған. Жауап алу кезінде автобустың тағы екі жолаушысының ұрының әрекетінен зардап шеккені анықталды. Олар да ақша жоғалтқан.

"Жүргізілген шаралар барысында жолаушылардың бірінің бір орыннан екіншісіне қайта-қайта ауысқаны анықталды. Күдікті жолаушылардың ұйықтауын, олардың жеке заттарының қайда тұрғанын аңдыған болып шықты", - деді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Үш жолаушының жеке заттарын ұрлады деген күдікпен полицейлер Павлодар облысы Ақтоғай ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстады. "Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкерлері. Заттай айғақ тәркіленді. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай