Павлодарда белгісіз біреулер полицейді пышақтап кетті

22 Маусым 2015, 00:33
0
Павлодарда белгісіз біреулер полицейді пышақтап кетті - © News.rambler.ru
© News.rambler.ru

Павлодарда белгісіз біреулер полиция қызметкерін өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құқық қорғау органдарының ақпараттық дереккөзіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 маусым кешкі уақытта Усольский ықшамауданында болды. Шамамен 30 жастағы ер адамның денесі Павлодар ІІБ №15 полиция пунктінен табылды. Куәгерлердің айтуынша, полицей формасын киген ер адам мойынын ұстап, учаскелік пункттен атып шыққан. Ол "Көмектесіңіздер!" деп айқайлап, кейін жерге құлады. 

Өлген адам жергілікті учаскелік полицей болып шықты.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, полицей мойын тұстағы пышақпен салынған жарақаттан көз жұмған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Өлген ер адамның Усольский ықшамауданында пәтер жалдап тұрғаны белгілі болды. Оның артында кішкентай қызы қалды. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай