Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Павлодарда досын бөлшектеп тастаған жетімдер үйінің екі тәрбиеленушісі 20 жылға сотталуы мүмкін

09 Шілде 2015, 11:04
0
© deita.ru
© deita.ru

Павлодарда досын бөлшектеп тастаған жетімдер үйінің екі тәрбиеленушісі 20 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Порталдың мәліметінше, Павлодарда досын айуандықпен өлтірген жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты іс бойынша сот процесі басталды. Іс материалдарына сәйкес, биыл 11 сәуірде үш жігіт облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде ішімдік ішкен. Түнде сөзге келіп қалған олар төбелесіп, бірге ішімдік ішкен азаматты пышақтап өлтірген.

"Екі жігіт мүрдені бөлшектеп, жақын маңдағы ағаштардың арасына лақтырып жіберген. Нәтижесінде 23 жастағы екі азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша айыпталуда", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жігіттер 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай