10 желтоқсан 2014 | 08:19

Павлодарда жаппай кісі өлтіруге күдікті жындыханаға жіберілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаппай кісі өлімі болған үйдің алды. ©Tengrinews.kz Жаппай кісі өлімі болған үйдің алды. ©Tengrinews.kz

Павлодарда бес адамның өліміне күдікті адам жындыханаға жіберілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда бес адамның өліміне күдікті адам жындыханаға жіберілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам психологиялық-психиатрлық сараптамадан өту үшін Республикалық ғылыми-практикалық психиатрия орталығына жіберілуі мүмкін. Бұл жерде күдіктінің ақыл-есі дұрыс па, жоқ па - соны тексереді. "Егер сараптама қорытындысы бойынша ер адамның ақыл-есі дұрыс емес болып танылса, онда оған қатысты қылмыстық іс психиатрлық емханаға мәжбүрлі түрде емделуге жіберу туралы шешім шығару үшін сотқа беріледі", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыған дейін Павлодарда пәтерде бес адамды өлтірді деген күдікпен ұсталған 34 жастағы адам ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, жаппай кісі өлімі 27 қазанға қараған түні Павлодар қаласының пәтерлерінің бірінде болған еді. Қылмыс болған жерде полицейлер пышақ жарақатын алған ер адамды табады. Ол дәрігерлерге өз-өзін пышақтағанын айтты. Сонымен қатар, ол өз әйелін, төрт жасар баласын, інісін, әпкесі мен оның тоғыз жастағы қызын өлтіргенін мойындады. Жауап алу кезінде ер адам қылмысқа өз отбасын ауыр тұрмыстық жағдайдан құтқару үшін барғанын айтты. Ал полицейлер болса екі отбасының да тұрмысы жақсы болғанын, күдіктіден басқа ересектердің бәрінде жұмысы болғанын айтты.

Еске сала кетейік, осы жылдың көктемінде Павлодар ауылында тағы бір жаппай кісі өлімі болған еді. Ерлі-зайыпты мен олардың екі баласының мәйіті жеке үйлердің бірінен табылды. Бес және алты жастағы ұл мен қыз пышақ жарақатынан өлген. 35 жастағы әйелге де пышақ салынған. Ал отағасы асылған күйі табылды. Оқиға орнынан өлім алдындағы хат табылды, онда әлдекім отбасының қарызын өтеуді сұрайды. Полицейлер бастапқыда отбасыны отағасы өлтірді деген нұсқаны қарастырған еді, кейін басқа жорамалдың пайда болғаны хабарланды. Бұл жантүршігерлік оқиға әлі ашылған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети