14 қараша 2014 12:32

Павлодарда жаппай кісі өлтіруге күдікті адам ауруханадан изоляторға ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Павлодарда пәтерде бес адамды өлтірді деген күдікпен ұсталған адам ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №1 қалалық аурухана өкілдеріне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, жаппай кісі өлімі 27 қазанға қараған түні болған еді. 

Аурухана мамандары күдіктінің бірнеше пышақ жарақатымен түскенін және өкпесіне зақым келгенін айтты. Ол тыныс ала алмаған, оған арнайы түтік салынды. "Бүгін таңертең Ермұрат Иманқұлов ауруханадан шығарылды. Оны айдауыл Павлодар тергеу изоляторына қамау үшін алып кетті. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Өз еркімен тыныс ала алады. Сондықтан оны шығару жөнінде шешім қабылданды", - деп хабарлады аурухана дәрігерлері.

Еске сала кетейік, жаппай кісі өлімінен кейін күдікті ауруханаға жатқызылып, оған операция жасалған болатын. Ол дәрігерлерге өзін-өзі жаралағанын айтты. Сонымен бірге, өз әйелін, 4 жасар ұлын, ағасы мен әпкесін және оның 9 жасар қызын өлтіргенін мойындады. Жауап алу кезінде ол отбасын материалдық жағдай нашар болғаннан кейін қырып салғанын айтты. Бірақ полицейлердің айтуынша, екі отбасының да тұрмысы жақсы болған, ересектер жұмыс істеген, күдіктінің өзі ғана әйелінің табысымен күн көрген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети