26 шілде 2016 12:45

Павлодарда жарты миллион теңге тұратын велосипедтерді ұрлаған адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Павлодарда Карл Маркс көшесі бойындағы үйлердің бірінен екі спорт велосипедін ұрлаған белгісіз адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.


Павлодарда Карл Маркс көшесі бойындағы үйлердің бірінен екі спорт велосипедін ұрлаған белгісіз адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға 24 шілдеде таңғы 4.00 шамасында болған. Белгісіз біреу үйдің ауласына өтіп кетіп, CUBE маркалы екі спорт велосипедін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын - 490 мың теңге. "Егер сіз бұл жағдайдың куәгері болсаңыз немесе естіп, білгеніңіз болса 37-15-01, 37-15-07 және "102" номірлеріне хабарласуыңызды өтінеміз. Сіз берген ақпарат жасырын түрде қалады", - деп жазылған ІІД-нің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети