Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан полицей кінәсін мойындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан полицейлерді соттап жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан полицейлерді соттап жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар ІІБ жол-патрульдік батальонының қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бабы бойынша айып тағылды. Сот процесі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. 

Іс материалдары бойынша, 25 жастағы полиция инспекторы әріптестерімен бірге қаладағы кафелердің бірінде төрт адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарды естіп келген. Төбелескендерді ұстау барысында полицей резіңке таяқпен ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Биыл тамызда полицей қамауға алынды. Кейінірек оның туыстары 1,1 миллион теңге кепілақы төлеген соң, оны үйіне босатқан. Видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция қызметкері Павлодар облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздікқ басқармасына өз еркімен келген. Негізінде іс бойынша, төрт полицей болған, алайда тек біреуіне ғана іс қозғалған, қалғандары жұмыстан босатылған. 

Бүгінгі өткен сот отырысында айыпталушының адвокаты өзі қорғап отырған адамның барлық кінәні мойындайтынын айтты. Сол себепті де ол прокурормен процессуалдық мәмілеге келуі үшін судьядан уақыт беруін сұрады. 

Зардап шеккен төрт полицейдің үшеуі сот отырысына келді. Олардың барлығы полиция қызметкеріне қарсылықтары жоғын айтты. 

Еске сала кетейік, полицейлердің ұсталған жігіттерді аяусыз соққыға жыққан видеосы Желіде 11 тамызда таралған болатын. Оқиға Павлодар дүкендерінің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған. Видео кадрларынан полицейлердің қабырғаға тақалып тұрған жігіттерді ұрып-соққанын көруге болады, бірі тіпті отырған ер адамның басынан тебеді. Соған қарағанда, тәртіп сақшылары оларды қызметтік көлікке отырғызғысы келген болуы керек.

 

Полицейлер мен ұсталғандар арасындағы төбелеске қатысты арнайы тергеу жүргізілді. 

Сондай-ақ, осыған дейін Павлодар полицейлерінің өздері ұрып-соққан кафе қонақтарын жазаламақшы екені хабарланған болатын. "Павлодар облыстық ІІД Тергеу комитеті биыл 3 тамызда болған оқиға бойынша "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлаған еді Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro