13 тамыз 2017 11:26

Павлодарда полицейлер мен ұсталғандар арасындағы төбелеске қатысты арнайы тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар қаласындағы полиция қызметкерлерінің кафе келішулерін ұрып-соғу бойынша арнайы тергеу басталды. Бұл туралы жедел брифинг өткізген қала прокуроры Ержан Бөлегенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Хабар арнасы.


Павлодар қаласындағы полиция қызметкерлерінің кафе келішулерін ұрып-соғу бойынша арнайы тергеу басталды. Бұл туралы жедел брифинг өткізген қала прокуроры Ержан Бөлегенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Атышулы бейнеролик YouTube әлеуметтік желісінде жарияланды. Видеода полиция қызметкерінің формасындағы адамның жас жігіттерді ұрып жатқанын көруге болады. Тергеуді Павлодар қалалық прокуратурасы бақылайды. Тәртіп сақшыларының азаматтық тұлғаларға қатысты заңсыз әрекеті облыс орталығындағы "Арай" дәмханасының маңында болған. Жалпы іс бойынша төрт полицей тергеліп, түсінік беріп жатыр.

"Бұл ролик қоғамда ғана емес, құқық қорғау органдарында дау тудырды. Полицей қызметтік бабын асыра пайдаланған. Осыған байланысты облыс прокурорының тапсырмасымен дерекке қатысты тергеу барысы біздің бақылауымызға алынды. Патрульдік қызмет өкілдерінің бірі уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша айып тағылды", - деді қала прокуроры Ержан Бөлегенов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта зардап шеккен екі азамат анықталды. Олардың денсаулығы жақсы. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети