05 қазан 2016 18:30

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандарға қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Элекор Кузет" "Элекор Кузет"

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзет фирмасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзет фирмасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД-нің мәліметі бойынша, кафе қонақтарын ұрып-соққан күзет фирмасының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары "Бұзақылық" бабынан "Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы, қару немесе арнайы құралдар қолданып жасалған немесе ауыр зардаптар келтiрген дәл сол іс-әрекет" бабына өзгертілді. Осы заң бойынша айыпталушылар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. "Элекор Кузет" фирмасының екі қызметкері (1977 және 1979 жылғы) уақытша қамау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар, полициядағылар осы оқиғаның жәбірленуші жақтан арыз шағым келіп түспегенін айтады. Медициналық көмекке ешкім жүгінбеген. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаны мән-жайын анықтап жатыр, куәгерлер іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар күзет фирмасының қызметкерлерінен жәбір көрген адамдар іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды. Кейін бұл оқиғаның мән-жайы белгілі болған еді. Осы оқиғаға байланысты ІІМ басшысы пікір білдірді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети