12 тамыз 2015 | 10:04

Павлодарда кәсіпкер әйелдің қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты інісі мен әпкесі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балапия Кәшімова. © pavon.kz Балапия Кәшімова. © pavon.kz

Павлодарда қатыгездікпен өлтірілген кәсіпкер әйелдің ісіне қатысты інісі мен әпкесіне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қаза тапқан әйелдің денесі ол жоғалып кеткеннен кейін екі апта өткенде Павлодардан бірнеше шақырым қашықтықтан табылды.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда қатыгездікпен өлтірілген кәсіпкер әйелдің ісіне қатысты інісі мен әпкесіне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қаза тапқан әйелдің денесі ол жоғалып кеткеннен кейін екі апта өткенде Павлодардан бірнеше шақырым қашықтықтан табылды.

Сот Аслан Сәрденешевті алты бап бойынша айыпты деп танып, оны 24 жылға соттады. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленеді. Ал үш бап бойынша айыпты деп танылған Гүлнәр Қарабаева 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды. Сотталғандар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Сонымен қатар, сот оларды қаза болған Балапия Кәшімованың ұлы мен қызына материалдық және моральдық өтемақы ретінде әрқайсына 11,9 миллион теңгеден төлеуді міндеттеді. Айта кетейік, сотталғандар өз кінәларын мойындаған жоқ.

"Бұл кезеңде біз сот үкімімен келісеміз", - деді зардап шегуші Ләйлім Кәшімова. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 37 жастағы Аслан Сәрденешев пен оның әпкесі Гүлнәр Қарабаева павлодарлық кәсіпкер Балапия Кәшімова мен жұмысшысының өлімі үшін және пәтер алаяқтығы үшін айыпталды.

Айыпталушының үйін тінту барысында із-түссіз жоғалып кеткен адамдардың құжаттары табылды. Бұған дейін адам жоғалуына байланысты істегі бірнеше эпизод бойынша бөлек өндірістің бөлінгені хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 57 жастағы Балапия Кәшімова 2014 жылдың тамызында жоғалып кеткен еді. Оның денесі бір метрлік шұңқырдан табылды, оның басына пакет кигізіліп, екі аяғының сүйектері уатылған. Оның денесі көмілмей тұрып үстіне әк құйылып, целлофанға оралған. Қаза болған әйелдің қызы анасы із-түзсіз кеткен күні үйден 50 мың доллардың жоғалғанын айтты. Қаза болған әйелдің туыстары қылмыс орнынан балта, күрек пен жылы орамалдың тәркіленгенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети