Павлодарда көшеде жұлысқан қыздар екі жылға дейін сотталуы мүмкін

11 Шілде, 15:01
0

Павлодарда көшеде жұлысқаны үшін ұсталған қыздар екі жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодардағы Мүткенов көшесінде болған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер екі қызды ұстады - 2000 және 2001 жылғы", - деп жауап берді полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға.

Осы бапқа сәйкес, ереже бұзушылар 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар полицейлері қыздардың ұсталғаны түсірілген видеоны тексеріп жатқанын хабарлаған болатын. Әлеуметтік желілерде таралған видеоролик қолданушылар арасында шу шығарған еді. Біреулер қыздардың қоғамдық жердегі бұзақылығын айыптаса, тағы біреулері видео авторларына наразылық білдіріп жатыр.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай