Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Отбасылық жанжал кезінде күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Отбасылық жанжал кезінде күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының тұрғыны ауыр дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын бірден ауыр деп бағалады. Оның жағдайы соңғы күндері нашарлап кеткенін айтты.

"Науқас үшінші дәрежелі күйікпен түсті. Оның беті, қолдары, денесі күйген. Денесінің 50 пайызы зақымданған. Жағдайы нашарлағаннан кейін жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 17 тамызда түстен кейін, амал не, әйел қайтыс болды", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін жәбірленуші кісі өлтіру әрекеті болғаны туралы арыз жазудан бас тартқан.

Еске салайық, 9 тамызда ерлі-зайыпты арасындағы жанжал басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген.

 Полицейлер денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Ерлі-зайыпты кәмелетке толмаған үш бала тәрбиелеп отыр. Жергілікті тұрғындар бұл отбасыдан жағымсыз мінез-құлық байқамағанын, болған жағдайға таңғалғандарын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro