02 маусым 2020 09:42

Павлодарда мүгедек балаларды ұрып-соққан педагогтер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Облыстық балалар психоневрологиялық орталығы Фото: Облыстық балалар психоневрологиялық орталығы

Павлодар қаласында психикалық ауытқуы бар балаларды төсекке таңып, ұрып-соққан орталық қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Павлодар қаласында психикалық ауытқуы бар балаларды төсекке таңып, ұрып-соққан орталық қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

"Балаларға жәбір көрсетті" деген айып 18 педагогке тағылған. Оның төртеуі бас бостандығынан айырылып, тағы біреуінің ісі сотта қаралып жатыр. Қалған 13 қызметкердің ісі тергеліп жатыр.

Бұл жантүршігерлік оқиға жыл басында тіркелген. Павлодардағы психоневрологиялық балалар орталығы қызметкерлері мүгедек балаларға жәбір көрсеткені туралы видео интернет арқылы тарап көпшіліктің ашуын тудырған еді. Тіпті, кейбір балалар төсекте байлаулы қалпы таң атқанша жатқаны белгілі болды. 

"Мекемені тексере келе балалардың төсекке таңылғанын анықтадық. Онымен қоймай, оларды ұрып соққан. Содан балалар түн бойы төсекте  байлаулы қалған. Мекеме қызметкерлері оларды шешуді ұмытып кетіпті", - дейді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Асхат Коқымбаев.

Балаларға зорлық-зомбылық көрсету Павлодар облысында азаймай отыр. Жыл басынан бері осыған ұқсас 22 оқиға тіркеліпті. Арасында балаларға сексуалды сипатта күш қолдану жағдайлар да бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети