27 қазан 2022 08:48

Павлодарда мұнай-химия зауытының экс-директорларына сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-нің бұрынғы басшылығына сот үкімі шықты. Сотталғандар арасында кәсіпорынның бұрынғы бас директорлары Оспанбек Әлсейітов пен Шухрат Данбай да бар. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандары үшін оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Павлодар мұнай-химия зауытының екі бұрынғы бас директоры мен топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар 2017 жылдан бастап 2022 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта зауыттың лауазымды тұлғалары бола тұра, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы зауыттың атынан мемлекетке 753 миллион 189 мың 541 теңге залал келтірген.  

"Сотталушылардың әрқайсысы өздеріне тағылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кінәларын толық мойындады, келтірген залалын толық өтей отырып, жасаған істеріне өкінді", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Сот Оспанбек Әлсейітов пен Шухрат Данбайды Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Ал үшінші айыпталушы Ержан Атақұлов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін шартты түрде 5 жылға сотталды. Сонымен қатар, ол 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Сотталғандарға пробациялық бақылау белгіленеді. Оларға тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын ескертусіз өзгертуге, мейрамханалар мен басқа да ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети