25 ақпан 2021 16:22

Павлодарда оқушы қызды ұрып-соққан ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда жұрттың көзінше 13 жастағы оқушы қызды ұрып-соққан ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда жұрттың көзінше 13 жастағы оқушы қызды ұрып-соққан ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бойынша Павлодар қаласының полицейлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Күдікті ер адамға қатысты кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінен өтініш келіп түсті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес ҚР ҚК-ның 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Іс "бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу" бабы бойынша тергеледі. Баптың санкциялары екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе одан айыруды көздейді.

Айта кетейік, Павлодарда ер адамның балаға шабуыл жасаған сәті жақын жердегі дүкендердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиғаны көрген адамдар дереу полиция шақырған.

Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиғадан бірнеше минут бұрын дүкендердің бірінде жергілікті тұрғын мен оқушы қыз арасында жанжал болған. Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, соққыдан баланың аяғы мен қабырғасының тұсы көгеріп, ісіп кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети