Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Павлодарда полиция букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандарға қатысты іс қозғады 30 қыркүйек 2014, 21:58

Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар күдіктілерді табу үшін жедел-іздестіру шарасы жүргізілуде.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото runews24.ru сайтынан алынды Фото runews24.ru сайтынан алынды

Павлодарлық полицейлер букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Букмекерлік кеңсеге шабуыл 29 қыркүйекте жасалған.

"Букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалуына байланысты "Қарақшылық шабуыл" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар күдіктілерді табу үшін жедел-іздестіру шарасы жүргізілуде", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. Департаменттегілер шабуылды екі адам жасағанын анықтады. Бұған дейін букмекерлік кеңсеге бетперде киген екі ер адамның баса көктеп кіргені хабарланған болатын.

Ол уақытта қылмыскердің біреуі кеңсеге келушілер мен күзет қызметкерлеріне пышақ кезесе, ал екінші қылмыскер кассир қызға тапаншаны тақап тұрып, күндік табысты өзіне беруін талап еткен. Абырой болғанда, қыз атылған оқтан аман қалып, полиция бөлімшесіне қосылған түймешені басып үлгерген. Куәгерлердің айтуына қарағанда,  қылмыскерлер түймеше басылған бойда сыртқа қашып шыққан. Бұл букмекерлік кеңсе Павлодардың қақ ортасында орналасқан. 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті