20 қазан 2020 15:33

Павлодарда полицияның мас жүргізушіні қуған сәтінің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pavlodarnews.kz Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодарда полиция мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.


Павлодарда полиция мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Қаладағы Торайғыров-Бектұров көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары Lada Granta көлігін байқаған. Полиция жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен. Алайда ол полицейлердің талабына бағынбай, оқиға орнынан ізін суытпақ болған.

Полиция мас жүргізушінің соңынан қуып, оны тоқтатқан. Көлікте қызы отырған. Ол қатты қорқып қалған.

Тексеріс барысында көлікті 29 жастағы ер адамның басқарғаны анықталды. Ол осыған дейін жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылыпты. Жүргізуші тәртіп сақшыларына қызымен ұрысып қалып, ішімдік ішкенін айтқан.

"Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды. Ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды, оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети