19 ақпан 2020 16:58

Павлодарда тапа-тал түсте көлікке баса-көктеп кіріп, әйелді пышақтауға оқталған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Павлодарлық полицейлер тапа-тал түсте көлікке баса-көктеп кіріп, әйелді пышақтауға оқталған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарлық полицейлер тапа-тал түсте көлікке баса-көктеп кіріп, әйелді пышақтауға оқталған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күдікті - 32 жастағы Ақсу тұрғыны. Полицейлердің айтуынша, ол Павлодарда ұсталған. 

"Күдікті бұрын да ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Ер адам 37 жастағы әйелдің көлігін, сондай-ақ көлік салонынан 9 мың теңгесін ұрлаған. Бүгін күдікті Павлодар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Бүгінде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті полицейлерге әйел адамды керек жеріне жетіп алуы үшін қорқытқысы келгенін айтқан. 

Еске салайық, бұған дейін күндізгі уақытта көлікке баса-көктеп кіріп, әйелді пышақтауға оқталған ер адам іздестіріліп жатқаны туралы хабарланған. 

Тапа-тал түсте көлікке баса-көктеп кіріп, әйелді пышақтауға оқталған ер адам іздестіріліп жатыр

37 жастағы жергілікті тұрғынның айтуынша, ол автобус аялдамасының маңында тоқтап, күйеуін күтіп тұрған. Кенет көлігінің есігі ашылып, артқы орынға қара медициналық бетперде киген адам отырған.

"Артыма қарап, бірден оның шығуын талап еттім. Ол маған "Үнсіз алға жүр, мен қарулымын. Күш қолданбай тұрғанда жүр" деді. Жүріп кеттім, жол бойында орындығымды артқа қарай жылжытып көрдім. Мұны байқаған жігіт полиция ізіне түскенін айтып, айғайлай бастады, өлтіре салу түкке де тұрмайтынын айтты", - деді павлодарлық келіншек.

Оның айтуынша, бағдаршамға жеткен соң көлігін тоқтатқан, осы кезде оған күйеуі телефон соққан. 

"Тұтқаны көтердім де, көлік есігін ашып қалдым. Осы кезде артта отырған жігіт маған қарай пышақпен ұмтылды. Кілтті шығарып үлгеріп, қашып шықтым", - деді әйел.

Артта отырған жігіт алғы орынға ауысып алған, бірақ оталдыра алмаған соң көліктен қашып шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети