Павлодарда үш адамды қағып өлтірген мас жүргізуші 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда үш адамды қағып өлтірген мас жүргізуші 10 жылға сотталды ©РИА Новости

Павлодар қаласында көлікті мас күйінде жүргізіп, үш адамды қағып өлтірген азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар қаласында көлікті мас күйінде жүргізіп, үш адамды қағып өлтірген азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл Мұхантаев 2014 жылы 24 қыркүйекте Павлодар қаласындағы Кутузов пен Шөкин көшелерінің қиылысында үш жаяу жүрушіні қағып кетті. Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ол көлікті мас күйінде жүргізген, сонымен қатар, сенімхаты болмаған. Жаяу жүргіншілердің екеуі оқиға орнында, ал үшінші адам ауруханада қайтыс болды.

Айта кетейік, 16 қаңтарда шыққан сот шешімі бойынша, Мұхантаев ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Еске сала кетейік, Атырауда автобус жүргізушісі жаяулар жүретін жолмен көшеден өтіп бара жатқан екі әйелді қағып өлтіргені хабарланған болатын. Оқиға 14 қаңтарда таңғы уақытта болды. "Балықшы - Авангард" 12-бағытындағы Daewoo автобусы жылдамдықпен келе жатып, Сәтпаев даңғылында, "Тамаша" ойын-сауық және сауда орталығы маңында жаяулар жүретін жолмен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, қатты соққыдан екі әйел бірнеше метрге дейін ұшып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети