14 қаңтар 2015 13:07

Атырауда автобус жүргізушісі екі әйелді қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Ақ жайық" газеті ©"Ақ жайық" газеті

Атырауда автобус жүргізушісі жаяулар жүретін жолмен көшеден өтіп бара жатқан екі әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"


Атырауда автобус жүргізушісі жаяулар жүретін жолмен көшеден өтіп бара жатқан екі әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Оқиға 14 қаңтарда таңғы уақытта болды. "Балықшы - Авангард" 12-бағытындағы Daewoo автобусы жылдамдықпен келе жатып, Сәтпаев даңғылында, "Тамаша" ойын-сауық және сауда орталығы маңында жаяулар жүретін жолмен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, қатты соққыдан екі әйел бірнеше метрге дейін ұшып кеткен.

Айта кетейік, әкімшілік полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл өңірде Жаңа жыл күндері жол-көлік оқиғалары аз болған. 1-4 қаңтар аралығында Атырау қаласы мен облыста бір де бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.   

Бірақ Жаңа жыл қарсаңында Атырауда көпшіліктің шамына тиген жол апаты болды. Полиция қызметкері қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіріп алған. БАҚ-тардың мәліметінше, облыстық ішкі істер департаметінің қызметкерлері мұндай оқиғаның болмағанын мәлімдеді. Бірақ қала тұрғындарының телефон соғып, ашуланғанынан кейін жол апаты туралы мәлімет расталды. Бұдан кейін құқық қорғау органдары қызметкерінің жолдың көктайғақ бөлігінде тоқтай алмай, бір әйел мен бір қызды қағып кеткені анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал зардап шеккендер сараптама өтуден және шағымданудан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети