Павлодарлық рэпер Facebook пен ВКонтакте желілеріндегі жазбалары үшін қамауға алынды

08 Шілде 2016, 18:04
0
Павлодарлық рэпер Facebook пен ВКонтакте желілеріндегі жазбалары үшін қамауға алынды - © РИА Новости
© РИА Новости

Павлодарлық рэпер Facebook пен ВКонтакте желілеріндегі экстремистік үндеулері үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қалалық қылмыстық соты 34 жастағы ер адамды "Қылмыстық ұйым құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу" және "Діни араздықты қоздыру" баптары бойынша күдікті ретінде танып, екі айға қамауға алды.

"Тергеу органдарының Руслан Гинатулинді тұтқынға алу туралы өтініштерін қарау барысында сот 2002 жылы экстремистік үндеулерді жолдаған Өзбекстанның екі азаматы өздерінің қылмыстық істеріне 35 қазақстандықты тартқанын анықтады. Сонымен қатар, Гинатулин мен тағы басқа азаматтар қылмыстық РЭП "Хизб-ут-Тахрир-әл-Ислами" ұйымын құрған. Олардың Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бөлімшелері болған, сондай-ақ онда ол топтың басшысы мен топтың тұрақты мүшелері жұмыс істеген", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Соттағылардың айтуынша, күдікті осыған дейін де тыйым салынған ұйымға қатысқаны үшін сотқа тартылған. Тергеу органдарының мәліметінше, рэпердің тағы да қамауға алынуына әлеуметтік желілердегі жазбалары себеп болып отыр.

Тергеу мәліметінше, ер адам ВКонтакте және Facebook әлеуметтік желілеріне қасақана тыйым салынған видеороликтер мен материалдар жүктеген. Сонымен қатар, ұлттар арасындағы араздықты қоздырмақшы болған.

Павлодар облыстық бақылау комиссиясының төрайымы Елена Семенованың айтуынша, 34 жастағы рэпер осыған дейін екі рет сотқа тартылған. Бірінші рет павлодарлық рэпер сол уақытта тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" діни ұйымның парақшаларын таратқаны үшін сотталса, екінші рет оны сол тыйым салынған ұйымға қатысқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай