30 сәуір 2021 08:44

Павлодарлық шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Павлодарда жоғары шенді шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Павлодарда жоғары шенді шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, әңгіме өңірдің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары туралы. Әзірге күдіктінің аты-жөні айтылмаған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шенеунік кәсіпкерден 15 миллион теңге алғанын айтады. 

"Ол кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алуларды өткізу, тауарларды жеткізуге мәмілелер жасасу және орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде олардың компанияларының мүдделерін қолдағаны үшін 15 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйақыны заңсыз алды деген күдікке ілінді", - дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети