08 қазан 2020 09:23

Педофилдер мен адам өлтіргендер Алматы облысындағы түрмеде төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

"Астана" телеарнасы ЛА-155/14 Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемесіндегі сотталғандар арасындағы жанжалдың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана" телеарнасы ЛА-155/14 Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемесіндегі сотталғандар арасындағы жанжалдың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Заречный қаласындағы жалпы режимдегі колонияда 6 қазанға қараған түні болған. "Шегіну" командасынан кейін сотталғандар арасында ауызша қақтығыс басталып, артынша жаппай төбелеске ұласқан. 15 адамдың арасында төбелес шығып, салдарынан үш адам жарақат алды. 

Жанжал 20 мен 22 жас аралығындағы сотталушылар арасында туған. Олар негізінен педофил, адам өлтіру, ұрлық баптарымен түрмеге қамалған. Жаға жыртысқандар бір-біріне қару ретінде орындықты пайдаланыпты. Тәртіпсіздікті басу үшін сырттан Ұлттық ұлан мамандарын шақыртылған.

"Он бес сотталғандар бір-бірімен тіл табыспай, бір-бірін түсінбеген. Осыған орай ерегістер басталған. Ерегіс барысында мекемедегі өздері қолданып жүрген орындықтарды лақтырған. Құралдарға қиянат жасаған. Ол бойынша заң талаптарына сәйкес олардан өндірлетін болады. Қазір бұл жағдай бойынша Қапшағай қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері анықтау мақсатында", - дейді ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінің бөлім бастығы Сәбира Мыңбаева. 

Заң бұзғандар тәртіптік изоляторға жабылған. Жанжалдан жарақат алған үш жазасын өтеуші қазір Қапшағай қалалық ауруханасында емделіп жатыр.

"Қапшағай қалалық ауруханасына ЛА 155/13 мекемесінен аурулар келіп түсті. Оның екеуінің жағдайы орташа ауыр халде болды. Оларға ота жасалды. Бірінің қолына екіншісінің бет жағына. Бүгінгі күні жағдайлары қалыпты. Ешқандай өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді Қапшағай қалалық ауруханасының баспасөз хатшысы Айна Мұқанова. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети