14 маусым 2021 11:22

"Pepsi, Nike жалған акцияларын сатқан". Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде шетелдік компаниялардың жалған акцияларын сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде шетелдік компаниялардың жалған акцияларын сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында сенімді азаматтардың ақшасын тарту бойынша алаяқтық схеманы анықтаған.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін Unique finance шетелдік компаниясының өкілдері ретінде көрсете отырып, халыққа Pepsi, Nike, Microsoft, Ford және BMW сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына ақша инвестициялауды ұсынған.

Оның орнына салымшыларға салынған соманың 6 пайызы, жаңа серіктестің салым сомасының 5 пайызы мөлшерінде ай сайынғы пайда уәде етілді. Бұл ретте, ең минималды салым 1000 АҚШ доллары.

Бағалы қағаздардың орнына халыққа жалған акциялар беріліп, олардың қаражатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар иеленіп отырған", - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды.

Агенттік мәліметінше, бүгінгі таңда нарықта азаматтарды өз жобаларына ақша салуға шақыратын криптовалюта, шетелдік компаниялардың акциялары, зергерлік бұйымдар, туристік жолдамалар, басқа тауарлар мен қызметтерді сататын компаниялар көбейіп кетті. Сонымен қатар, ақша табудың мұндай тез және оңай тәсілі үлкен қаржылық шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін екені айтылды.

Қаржылық пирамидалар туралы не білу керек?

  • Ұйымның шамадан тыс жоғары кірісіне кепілдік беріледі;
  • ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясының болмауы;
  • Меншікті қаражаттың болмауы, төлем жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен жүргізіледі;
  • Салынған қаражатты қайтарудың нақты ережелерінің болмауы;
  • Қызметінің айқын болмауы;
  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы шулы ұрандары бар кең жарнамалық кампания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети