Петропавлда 19 жастағы қызды өлтірген адамның қылмысы бір күн ішінде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавлда 19 жастағы қызды өлтірген адамның қылмысы бір күн ішінде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бойжеткеннің мәйіті 19 желтоқсан күні табылды. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінен кейін оны өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. "Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері Петропавлдың 1977 жылы туған тұрғынын ұстап, тергеу изоляторына қамады", - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі. Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.
Еске сала кетейік, 19 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғын 25 жастағы Айдана Досқалиеваны өлтіргені үшін 25 жылға сотталған еді. Ол "Зорлауға әрекеттену", "Бірнеше мәрте жасалған зорлық", "Басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру" баптары бойынша айыпты деп танылды. Айта кету керек, сотталушыға бұл қылмыстары үшін 22 жыл жаза берілді, ал бұған қосылған үш жыл - 2013 жылы жасаған ұрлығының жазасы.