08 қазан 2014 11:48

Досқалиеваның өлімі бойынша айыпталушының үстінен тағы бір іс қозғалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыпталушы Бекболат Хасанғалиев. ©mgorod.kz Айыпталушы Бекболат Хасанғалиев. ©mgorod.kz

Айдана Досқалиеваны өлтірді деп айыпталған адамға қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Мой город". Айдана Досқалиева 20 қыркүйек күні өлі күйінде табылған болатын. 


Айдана Досқалиеваны өлтірді деп айыпталған адамға қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Мой город". Айдана Досқалиева 20 қыркүйек күні өлі күйінде табылған болатын. 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Айдана Досқалиеваның өліміне айыпталушы Бекболат Хасанғалиевтің қатысы бар 2013 жылғы істі тоқтату туралы қаулының күшін жойды. Еске сала кетейік, Айдана Досқалиеваның өлімі туралы істе жаңа мәліметтер пайда болған еді. Бір қыз журналистерге хабарласып, 2013 жылы өзін Хасанғалиев зорламақ болғанын айтты. Қыз полицияға арызданғанымен, іс "дәлелдердің жеткіліксіздігіне" байланысты екі рет жабылған. Қазір істі тоқтату туралы қаулының күші жойылып, іс Батыс Қазақстан облысы ІІД-не тергеуге қайта жіберілді. Прокуратура ішкі істер департаменті жетекшілігінің атына істі жапқан тергеушілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс әзірледі.

Еске сала кетейік, Айдана Досқалиева 13 тамыз күні Оралдан Щапово ауылындағы үйіне келе жатқанда жоғалып кеткен болатын. Қыз автобуспен Серебряково ауылына жетті, содан кейін жолға шығып, Щаповоға дейін жол-жөнекей машина тоқтатады. Куәгерлердің айтуынша, ол ақ "Жигулиге" отырған, машинада екі ер адам болған. 20 қыркүйек күні Айдана Досқалиеваның мәйіті Шаған өзенінің жағасынан табылды. Мәйіт суда ұзақ уақыт жатып қалғандықтан, оның кім екенін бірден анықтау мүмкін болмады. Туыстары қызды киіміне қарап қана таныды.

Қыздың өліміне күдікті адам 23 қыркүйек күні ұсталды. Ол - Серебряково селосының 40 жастағы тұрғыны. Ол жауап алудан кейін істеген ісін мойындады. Сот-медицина сарапшыларының алдын ала мәліметі бойынша, Айдана Досқалиева өлтірілер алдында зорланған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети