27 тамыз 2019 13:57

Петропавлда белгісіз екі адам оқ атқан

© Тұрар Қазанғапов

Петропавлда белгісіз екі ер адам Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғынының аяғына оқ атқан. Соның салдарынан жарақат алған ер адам Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 тамызда шамамен таңғы 4-те белгісіз екі ер адам Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғынына оқ атып, аяғын жарақаттаған. 

Реклама
Реклама

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеушаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын және оқиғаның мән-жайын анықтау және жасалған қылмыстың заттай айғақтарын жинау бойынша тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді аймақтық полицияның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Әзірге жанжалдың неден шыққаны белгісіз. 

Таяуда қоғам белсендісі Талғат Арзамасовқа оқ атылды. Оқиға аудан әкімдігінің жанында болған. Ал 25 тамызда ер адам қарудан Нұр-Сұлтанда оқ атып, төрт адамды жаралаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram