08 ақпан 2022 09:12

Петропавлда жетім балалар мен мүгедектерге тегін баспананы сатқан шенеунік сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana TV телеарнасының сюжетінен кадр Astana TV телеарнасының сюжетінен кадр

Петропавлда жұмыспен қамту орталығының директоры жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін тегін баспананы тез алып беруге уәде беріп, пара алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Петропавлда жұмыспен қамту орталығының директоры жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін тегін баспананы тез алып беруге уәде беріп, пара алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Іскер шенеунік сегіз жылға, оның орталықта жұмыс істемейтін екі сыбайласы жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды. 

Ведомоствоның мәліметінше, үй алуға жүздеген азамат кезекке тұрған. Олар бес жыл бойы пәтер алу үшін жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасып, тұрғын үй банкінен есепшот ашу керек болды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, директор өзінің сыбайластары арқылы баспананы тез алғысы келетіндерге құжаттар тізімін беріп, олар арқылы қызметінің құнын да айтқан. Тергеу барысында 5 миллион теңгеден астам пара алудың 10 эпизоды анықталды.

"Бір пәтер үшін 500-ден 600 мың теңгеге дейін алған. Пәтерге тезірек қол жеткізігісі келгендер процесті жеделдету мақсатында шенеуніктің сыбайластарына пара аударып отырған. Сыбайластар ақшаны мекеме директорына аударған. Жұмыспен қамту орталығының директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына тиісті органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды", - деді Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети