25 мамыр 2022 13:07

Полицей болып танысқан. Жұртты алдады деген күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Екібастұз полицейлері Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Оған Қарағанды облысы Саран қаласының полициясы іздеу жариялаған, - деп хабарлайды Polisia.kz


Екібастұз полицейлері Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Оған Қарағанды облысы Саран қаласының полициясы іздеу жариялаған, - деп хабарлайды Polisia.kz

Құқық қорғау органының қызметкерлері полиция атын жамылған күдіктіге қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында Екібастұз қаласы аумағында жасалған алаяқтық деректері анықталған.

"Биыл сәуірде күдікті Екібастұз қаласында өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, несие бойынша берешегін тексеремін деген сылтаумен жәбірленушінің құжаттарын суретке, видеоға түсіріп алған. Сол арқылы құжаттардың көшірмелерін алған. Жәбірленуші банктердің бірінде өзінің атынан 140 мың теңге сомасында несие ресімделгенін білгенде дабыл қақты", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер мұндай қылмыстық схема жүйелі болғанын атап өтті. Ұсталған кезде күдікті Қазақстанның басқа облыстарында (Қарағанды және Қостанай) осындай қылмыс жасағанын мойындаған.

"Қазір Екібастұз қаласында зардап шеккен екі адам анықталды. Мұндай заңсыз әрекеттер полицияның беделіне нұқсан келтіреді. Полицейлер ешқашан азаматтардан несие бойынша ақпарат сұрамайды, өйткені бұл мәселе біздің құзыретімізде емес", - деді полицейлер.

Ұсталған адамға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында алаяқ өңір тұрғындардың атына ірі көлемде несие рәсімдегені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети