Полицейдің Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен түскен селфиіне қатысты тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейдің Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен түскен селфиіне қатысты тексеріс басталды Фото: Іnstagram.com/shyndykz

Шымкентте үйдің кіреберісінде әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Кейінірек желіде полицейдің ұсталған ер адаммен селфиі тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үйдің кіреберісінде әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Кейінірек желіде полицейдің ұсталған ер адаммен селфиі тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнет пайдаланушылары 70 жастағы әйелді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицейдің суретін талқылап жатыр.

Пікір қалдырғандардың ішінде күдікті мен полицейдің суретке түскенін жөнсіз деп есептейтіндер бар. 

"Неге фотосын Желіге жүктеді? Сот дәлелдеп қойды ма, мұнысы қалай?", Бірінші жұмыс күнің және сені мақтаған жағдай", "Ол Димашпен суретке түсіп тұрғандай мәз", "Полицейлердің арасында қылмыскермен селфи түсу сәнге айналды" деп жазған қолданушылар.

Шымкент полиция департаменті қызметкерге қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде берді.

Шымкентте үй кіреберісіндегі зорлық әрекеті: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қалалық ПД мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен сағат 23.15-те Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.

Кейін күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Ол бұған дейін де сотталған болып шықты. Ал зардап шеккен зейнеткер ауруханаға жатудан бас тартты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети