06 ақпан 2017 16:34

Полицейлер Жамбыл облысында жүк көліктеріне шабуылдағандарды ұстау операциясының видеосын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Жамбыл облысының полициясы жүк көліктерінің жүргізушілеріне шабуылдағандарды ұстау операциясының видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының полициясы жүк көліктерінің жүргізушілеріне шабуылдағандарды ұстау операциясының видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"3 ақпанда "Рубеж" - "Бурылбайтал" бақылау постында қызметін атқарған ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция қызметкерлері сағат 12:40 шамасында "Фольксваген Гольф" көлігін ұстау жайында хабарлама алды. Көлікте отырғандар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген", - деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Көлік ішінде үш ер адам болған. Олар жүк көліктерінің жүргізушілеріне бірнеше рет шабуыл жасаған болуы мүмкін екені айтылады.

Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, Мойынқұм полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандар Алматы, Қарағанды облыстарының және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғындары. Аталған дерек СДТБТ-ға 192-баптың 2-тарауы бойынша тіркелді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеуге кедергі болмас үшін шабуылдың мән-жайы айтылмады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети