04 ақпан 2017 16:47

Жамбыл облысында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жамбыл облысында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жүр.


Жамбыл облысында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жүр.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, 3 ақпанда "Меркі-Iу-Бурылбайтал" тасжолында алысқа қатынайтын жүргізушілерге шабуылдаған қылмыскерлердің қаруы болған.

"2017 жылдың 3 ақпанында сағат 12.40 шамасында Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне "Рубеж-Бурылбайтал" бақылау бекетінде қызмет өткеру барысында жедел хабар түсіп, республикалық маңыздағы "Меркі-Шу-Бурылбайтал" тасжолында транзиттік автокөліктің жүргізушілеріне қатысты қарақшылық шабуыл жасаған, ішінде бетперде киген үш адамы бар, мемлекеттік белгісі жоқ 1Фольксваген Гольф1 маркалы автокөлігін ұстау бойынша бағдар берілген.", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД өкілдері.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби шараларының нәтижесінде күдіктілер Балқаш көлінің жағалауында ұсталды. Ұсталғандар Алматы, Қарағанды облыстары және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғындары болып шыққан. Барлық күдікті Мойынқұм аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің толық мән-жайы тергеу құқығымен жарияланбайды.

Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын Instagram желісінде zello.aktobe парақшасында видео пайда болды. Шабуыл жасалған жүк көліктері көрсетілген. Кадрларда қылмыскерлердің түнде шабуыл жасап, барлық қаражатын алып кеткені жайлы айтылады.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети