20 наурыз 2018 10:43

Полицейлер ШҚО-да қарақшылық шабуыл жасады деген үш күдіктіні ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктілерді анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктілерді анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 наурызда полицияға Өскемен маңындағы ауылдардың бірінің тұрғыны хабарласып, өзі тұратын үйге бетперде киген белгісіз адамдардың шабуыл жасап, тапаншамен қорқытып, қол аяғын скотчпен байлағанын айтқан. Қомақты қаражат пен алтын бұйымдарды алған қаскөйлер оқиға орнынан қашып кеткен. Сонымен қатар, олар жәбірленушінің көлігін мініп кеткен. 

"Жедел тергеу тобы дереу оқиға орнына аттанды. Полицейлер дереу өз ісіне кірісіп, қала маңындағы жолдарда патрульдік қызмет көрсетуші полицейлерге бағыттама берілді. Қаскөйлер мініп кеткен көлікті жарты жолда тастап кеткені анықталды. Келтірілген залал мөлшері - 15 миллион теңге", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қарақшылық шабуыл туралы мәлімет түскеннен кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері дереу күдіктілердің кім екендерін анықтап, ұстау үшін жедел іздеу шараларына кіріскен. Нәтижесінде полицейлер үш адамды ұстаған. Олардың екеуі ШҚО және біреуі Алматы облысының тұрғындары екені анықталды. 23, 31 және 35 жастағы үш адам қамауға алынды, олардың екеуі бұрындары сотталған. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған заттардың кейбірі қайтарылды. 

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі (Адамдар тобымен жасалған қарақшылық шабуыл) бойынша іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети