Алматыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен BMW жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен BMW жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы 1-бөлігі бойынша ("Билік өкіліне бағынбау") айыпты деп танылды. Cоттың шешімімен оған 100 айлық есептік көрсеткіш - 226 900 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, айыпталушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді. Сот үкімі әзірше заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, жол ережесін бұзу дерегі бойынша BMW жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
"Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізушіні құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу"), 613-баптың 1-бөлігі бойынша жазаға тартып, 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды", - деді аудандық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, осыған дейін Алматы қалалық ІІД өкілдері жүргізушіні полицейлердің жолақ ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын хабарлаған еді. "Төле би-Яссауи қиылысында таңғы сағат 8.20 шамасында жол-патрульдік полициясы экипажы жол қозғалысы ережесін бұзған BMW жүргізушісін байқаған. Тоқтау туралы бұйрық берілді, бірақ жүргізуші талапқа мойынсынбай, жылдамдықты арттырды. Сондықтан полицейлер оның артынан қуды. Нәтижесінде ол Яссауи-Шаляпин қиылысында ұсталды", - деп хабарлаған еді қалалық ІІД өкілдері.
Ал кейінірек жүргізушінің қанынан есірткі табылғаны айтылған болатын.