Алматыда BMW жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті

25 Ақпан 2017, 13:06
2
Алматыда BMW жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті -

Алматыда BMW жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Яссауи көшесінің бойында таңғы уақытта болған.

Алматы қалалық ІІД өкілдері жүргізушіні полицейлердің жолақ ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын хабарлады. 

"Төле би-Яссауи қиылысында таңғы сағат 8.20 шамасында жол-патрульдік полициясы экипажы жол қозғалысы ережесін бұзған BMW жүргізушісін байқаған. Тоқтау туралы бұйрық берілді, бірақ жүргізуші талапқа мойынсынбай, жылдамдықты арттырды. Сондықтан полицейлер оның артынан қуды. Нәтижесінде ол Яссауи-Шаляпин қиылысында ұсталды", - деді қалалық ІІД өкілдері.

Тізгінде ер адам, ал жолаушылар орындығында бір қыз отырыпты. 

"Жүргізуші есірткі затына мас болған деген күдік болды. Ол медициналық куәландырудан өтті. Қазір наркологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз", - деді полициядағылар.

Жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ол ұсталып, көлігі айып тұрағына қойылған. 

 Полициядағылар қызметкерлердің қару қолданбағанын атап өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай