22 сәуір 2020 13:46

Полицейлерді балағаттаған елордалық видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 30 жастағы ер адам карантинге жабылған аумаққа кірмек болып, полицейлерге қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда 30 жастағы ер адам карантинге жабылған аумаққа кірмек болып, полицейлерге қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлерге балағат сөздер айтқан ер адам видеоға түсіп қалған. 

Бұл оқиға Алматы ауданында карантинге жабылған Рысқұлбеков, Абылай хан және Мұстафин көшелерінде болған. Мұнда тұрғындардың жүруіне және көлік қозғалысына тыйым салынған.

"21 cәуірде шамамен сағат 08.30-да 30 жастағы ер адам карантин аумағына кірмек болды. Құжат көрсетуін талап еткен тәртіп сақшыларына бағынбай, балағат сөздер мен ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Кейін ер адам Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - дейді полицейлер.

Жарияланған видеода ер адамның полицейлерге қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны көрінеді.

"Сен кімге тиісіп тұрғаныңды білесің бе? Мен сенің қайда тұратыныңды тауып аламын. Айтқан сөзім осы. Мен Пабло Эскобармын! Менімен байланыспа, мен сені жеп қоямын", - дейді видеодағы ер адам.

Оның 1990 жылғы екені анықталды. Осыған дейін бұзақылық, алаяқтық және көлікті айдап кету сияқты қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша және 379-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети