31 қазан 2016 16:28

Полиция Алматыда атысқан күдіктілерді іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Полиция Алматыда болған атысқа қатысты күдіктілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.


Полиция Алматыда болған атысқа қатысты күдіктілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қарулы шабуылға байланысты "Қарақшылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.

"31.10.2016 жылы Алматының Бостандық ауданы, Тимирязев көшесіндегі қарақшылық шабуыл бойынша жергілікті ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Криминалды полиция бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан шабуыл жасаушылардың тұлғаларын анықтау мен оларды ұстау үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды", - делінген ІІД хабарламасында.

Еске салайық, Алматыда Тимирязев пен Марков көшесінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті. Бизнес орталықта "Сбербанк" және ВТБ банктері орналасқан. "Сбербанкте" оқиғаның банк бөлімшесімен қандайда бір байланысы болғанын жоққа шығаруда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети