12 қаңтар 2015 15:58

Полиция капитаны кісі өлтірді деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kakprosto.ru ©Kakprosto.ru

Батыс Қазақстан облысында полицей өзінің танысын ұрып өлтіргенін мойындады, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Ақпарат құралының мәліметінше, Зеленов ауданындағы Январцево ауылында тұрмыстық кикілжіңнен төбелес шыққан, сол кезде полиция капитаны Ғаббасов 27 жастағы Александр Бегунды өлгенше сабап тастаған.

БҚО ІІД басшысының орынбасары Берік Өтеулиннің хабарлауынша, күдікті заттай айғақтар болғандықтан өз қылмысын мойындады. Бірақ ол бастапқыда осы іспен айналысып жатқан полицейлерге Бегунға көмектескісі келгенін мәлімдеген. "Капитан Ғаббасов өз үйіне біреулердің 8 қаңтар күні түнде келгенін айтты. Оның айтуынша, ол есікті ашып, әбден таяқ жеген және сөйлей алмай тұрған ер адамды көрді. Бұдан кейін Ғаббасов ер адамды үйіне кіргізіп, көмекке шақыру үшін дәрігерге кетіп қалған. Ол үйіне дәрігермен бірге қайтып келгенде ер адам тыныс алмай жатқан", - деп хабарлады Өтеулин.

Оның мәліметіне қарағанда, оқиға болған жер тексерілгеннен кейін Ғаббасовқа кісі өлтірді деген айып тағылды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Екі күннен кейін заттай айғақтардың болуына байланысты Ғаббасов өз кінәсін мойындады", - деді ІІД басшысының орынбасары. Оның айтуынша, полиция капитаны мен Александр Бегун төбелескен. "Төбелес үйдің ауласында болды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталған жоқ. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, бұдан кейін полицияның осы бөлімінің басшыларына баға берілетін болады", - деді Өтеулин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети