НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Пойызбен соқтығысқан шағын автобус жүргізушісі 10 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан Ford Transit шағын автобусының жүргізушісі он жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақсу қалалық сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан Ford Transit шағын автобусының жүргізушісі он жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақсу қалалық сотына сілтеме жасап.

"Ақсу қаласы сотының үкімімен 45 жастағы Иосиф Гусев абайсыздықта төрт адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасауға айыпты деп танылды. Ер адамға қоныс-колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды", - деп хабарлады сот өкілдері. Сот оны марқұмдардың ата-анасына жалпы сомасы 17 миллион 934 мың теңге болатын моральдық шығын өтеуге де міндеттеді. Жәбірленуші тарап мұндай үкімді тым жұмсақ деп есептейді. "Бұл адамның кінәсінен біз өз ұлдарымыздан айырылдық, сондықтан оған өмір бойғы жаза беруді талап етеміз", - деді студенттердің ата-аналары.

Еске сала кетейік, шағын автобус сәуір айында Ақсу - Дегелең жолының 26-шақырымындағы теміржол өткелінде пойызға соғылған еді. Машинистің айтуынша, жол апатын Ford Transit шағын автобусының жүргізушісі туғызды. Ол келе жатқан құрамды көре тұра және тепловоздың дыбыс дабылын елемей, теміржол өткеліне шығып кетті. Машинист шұғыл түрде тежегішті басқанымен, көлікке түйіспей қоймады. Оқиға салдарынан төрт адам қайтыс болды. Бұл кезде автобуста тоғыз адам отырған. Зардап шеккендер - Ақсудағы кәсіби техникалық лицейінің студенттері. Жігіттер Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өндірістік тәжірибеден қайтып келе жатқан. Зардап шеккендердің арасында жол апатына кінәлі жүргізуші де болды. Ол ауруханадан шығарылған бойда қамауға алынды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer