31 желтоқсан 2020 08:44

"Президент, көмектесіңіз". Алматыда қаржы пирамидасынан алданғандар көшеге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ktk.kz Фото © ktk.kz

30 желтоқсанда Алматыда "Гарант 24 Ломбард", "Estate Ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әли Капитал" қаржы пирамидаларынан алданып қалған салымшылар митинг өткізді. Олар ақшасын қайтаруды талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


30 желтоқсанда Алматыда "Гарант 24 Ломбард", "Estate Ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әли Капитал" қаржы пирамидаларынан алданып қалған салымшылар митинг өткізді. Олар ақшасын қайтаруды талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салымшылар мәселесін Мемлекет басшысына дейін жеткізуге тырысып жатыр. Олардың айтуынша, бір жыл уақыт өтсе де, іс сотқа жетпеген.

"Басында барлық ақша Қазақстанда деп айтқан. Егер Қазақстанда болса, қайда олар? Дәл бір жыл уақыт өтті. Ақша да жоқ, жауап та жоқ. Ешкім бізге назар аудармайды", - деп шағымданды Ақкенже Ғұмарова. 

Зардап шеккендердің арасында Ақкенжемен бірге 17 мың адам бар. Олар ай сайын 40 пайыз пайда түседі дегенге сеніп қалған. Жалпы шығын - 22 миллиард теңге. 50 адам күдікті болып отыр.

"ІІМ шұғыл-тергеу тобы қаржы пирамидасын құрды деген айыппен "Гарант 24 Ломбард", "Estate Ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әли Капитал" ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 50 күдікті қылмыстық жауапқа тартылды, олардың 33-і сот санкциясымен тұтқындалды. Басқа күдіктілерге қатысты қылмыстағы роліне байланысты үйқамаққа алу және ешқайда шықпау туралы жаза тағайындалды", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Тағы алты күдікті қашып жүр. Оларға іздеу салынды. Ведомство мәліметіне қарағанда, процеске қатысушылардың бәрі материалмен танысқаннан кейін ғана іс сотқа беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети