29 мамыр 2017 | 11:09

Прокуратура "Алматыметроқұрылыс" қаражатын жымқыру ісіндегі күдіктілерді құпия қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Алматыметроқұрылыс" сайты © "Алматыметроқұрылыс" сайты

Прокуратура "Алматыметроқұрылыс" АҚ қаражатын жымқыру ісіндегі күдіктілерді құпия қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Прокуратура "Алматыметроқұрылыс" АҚ қаражатын жымқыру ісіндегі күдіктілерді құпия қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша істі дұрыс ашуға қажетті әрі жеткілікті жағдайларды толық әрі әділ, әртарапты зерттеу үшін заңда қарастырылған барлық шара қабылданып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілуге жатпайды. Оны прокурор мүмкін болған көлемде жариялауға рұқсат етсе және бұл тергеу мүддесіне қайшы болмаса әрі өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүддесін бұзумен байланысты болмаған жағдайда ғана жарияланады. Осыған байланысты сауалдағы сұрақтар тергеу мүддесіне қарама-қайшы келеді", - делінген Жетісу көлік прокуратурасының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

10 наурызда ҚР Қаржы министрлігінің Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы іс бойынша бірқатар сараптама өткізіліп жатқанын хабарлап, алайда кімдерге және қандай баптар бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын жария етпеген еді. Жетісу көлік прокуратурасы мен Бас прокуратура редакция сауалына жауап бермей, Алматы қалалық МКД-ға жолдаған еді.

Еске салайық, "Алматыметроқұрылыс" АҚ қызметін тексеру барысында Жетісу көлік прокуратурасы 7,7 миллиард доллардың жымқырылғаны туралы деректі анықтаған еді. Бұл қаражат тауар-материал құндылықтарын сатып алу көлемін асыру жолымен жымқырылған делінген еді. 

Еске салайық, бұл "Алматыметроқұрылыс" қаражатын жымқыру бойынша тұңғыш рет болып отырған жағдай емес. 2016 жылы Алматы метросының бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев 9 жылға сотталған болатын. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеп жатыр. Ал оның бұрынғы орынбасары Ербол Қалдыбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Тағы бір айыпталушы, "СредАзЭнергоСервис" ЖШС басшысы Константин Антипов та 8 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды, сонымен қатар, 3 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкімді Медеу аудандық соты шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети