Алматы метросының бұрынғы басшысы сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мұрат Өкшебаев © Роза Есенқұлова Мұрат Өкшебаев © Роза Есенқұлова

Алматы метросының бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев 9 жылға сотталды, ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, оған 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, "Құрмет" орденінен айыру ұсынылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы метросының бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев 9 жылға сотталды, ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, оған 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, "Құрмет" орденінен айыру ұсынылды.

Ал оның бұрынғы орынбасары Ербол Қалдыбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Тағы бір айыпталушы, "СредАзЭнергоСервис" ЖШС басшысы Константин Антипов та 8 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды, сонымен қатар, 3 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкімді Медеу аудандық соты шығарды.

Сот үкімімен шығынды үш айыпталушы бірігіп өтейді, жалпы көлемі - 2 миллиард 503 миллион теңге. Әрқайсысына 8 миллион 343 мың теңгеден келеді. Сонымен қатар, сараптамалар жүргізілгені үшін Өкшебаев пен Антипов 59 684 теңгеден төлейді, ал Қалдыбаев - 24 230 теңге. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Судья сот шешіміне шағым келтіруге болатынын түсіндірді.

Бұған дейін Өкшебаевқа "Сеніп тасырылған бөтен мүлікті иеленіп алды немесе ысырап етті" деген айыптың тағылғаны хабарланған болатын. Осыған дейін болған сот отырысында Қалдыбаев өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, айыпталушыларға процессуалдық келісім жасау ұсынылды, бірақ олар бас тартты. Айыптауға сәйкес, іс фигуранттары қылмыстық схема жасап, жалған кәсіпорын ашқан. Ол тендерлерге қатысуға тиіс болған. Осылайша, олардың компаниясы конкурстарда жеңіске жеткен. Шығынның көлемі миллиардтап саналды.

Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer