Прокурорлардың Серік Ахметовке қандай айыптарды тағып отырғаны жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қарағандының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында экс-премьерге және Қарағанды облысының бұрыны әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты айыптау актісі жария етілді.
Прокурорлардың Серік Ахметовке қандай айыптарды тағып отырғаны жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қарағандының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында экс-премьерге және Қарағанды облысының бұрыны әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты айыптау актісі жария етілді.
Тергеуде жиналған іс материалдарының көптігіне байланысты үш прокурор Диар Әділов, Галина Кердекаева және Рауан Тобықов оларды кезекпен оқыды. Қазіргі уақытта айыптау актісі екі сотталушыға - Серік Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы басшысы Бауыржан Әбдішевке қатысты оқылды.
Бүгін сотта, тергеу болжамы бойынша, Серік Ахметовтің 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі мерзімде мына жағдайлардағы ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталып отырғаны айтылды:
"2007-2014 жылдарда республикалық бюджеттен "Металлургия-Металлообработка" индустриалдық паркінің инфрақұрылымының құрылысына 24,8 миллиард теңге бөлінді. Серік Ахметов жауапты мемлекеттік қызметте бола отырып, инфрақұрылымның құрылысы жайында мәліметі болды, сонымен қатар, "ҚазГерСтрой" ЖШС бас құрылысшының қосалқы мердігер ұйымдарды тартуына құқығының бар екенін білді. (...) Ахметов пайдакүнемдік ниетте пара алу жолын жоспарлаған және өз ниетін жүзеге асыру үшін "Қазақстан өндірістік корпорациясы" ЖШС директорының орынбасары Әлжан Ақмолдаевпен кездескен. Нәтижесінде индустриялық паркінің жұмыстарына 600 миллион теңге парамен Ақмолдаевтың бақылауындағы "Центрстрой-комплект НС" фирмасы тартылған. Қаражаттың жартысы - шамамен 365 миллион теңгені Ақмолдаев жалған келісімдермен бірнеше фирма арқылы Ахметовтің баласының БАЭ-де тіркелген есепшоттарына аударып үлгерген", - деді сотта прокурор Рауан Тобықов.
Мұнымен қатар, Серік Ахметов индустриалдық парктің тазалау құрылғыларын ауыстыруға бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Оның шығыны - 1,2 миллиард теңге.
Істің екінші эпизоды бойынша, экс-премьер-министр отбасылық кәсіп мүддесі үшін қызметтік өкілін теріс пайдаланды деп айыпталды. Тергеудің мәліметінше, 2011 жылы Қарағандыда жарық тіреуіштері ауыстырылып жатқан. Прокурордың айтуынша, Ахметов өз қызметтік тәуелділігіндегі Бауыржан Әбдішевке (Қарағанды облысының бұрынғы әкімі - Авт.) Серік Ахметовтің бауыры мен баласына тиесілі "СтальЦинк" фирмасы өндіретін металлдан жасалған ыстық мырыштау тіреуіштерді қолдануды тапсырған. "Осылайша осыған ұқсас қызмет ететін кәсіпорындарға дискриминациялық жағдайлар жасалды. Ал мемлекетке 201 миллион 947 мың теңге көлемінде шығын келді", - делінген прокурорлардың айыптау актісінде.
Мұнымен қатар, мемлекеттік айыптаушылар Қарағандыда "Көлік-логистикалық кешен" құрылысына бөлінген жер телімдеріне байланысты эпизодтың жай-жапсарын жария етті. Тергеу мәліметінше, бұл кәсіпорынды Ахметов "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекет бюджетінің есебінен ашпақшы болған. "Нәтижесінде қалалық әкімдіктің қызметкерлері ескі әуежай аймағында жалпы ауданы шамамен 39 гектар болатын бірнеше жер телімін бөлді. Осылайша шенеуніктердің әрекеті мемлекеттік биліктің Қазақстан халқының алдындағы абыройын түсіру түрінде ауыр зардап келтірді", - деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы.
Мұнымен қатар, Серік Ахметов заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталып отыр. "2009-2012 жылдар аралығында ол "Топарские теплицы" ЖШС-ны жалған тұлғалардың атына жаздырып, сенімді адамдардың көмегімен бұл фирмаға "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінен, "ҚазАгроҚаржы" АҚ-нан қаржылай көмекті қамтамасыз еткен. Олар өз кезегінде қаражаттың жартысын Ұлттық қордан алған. Салдарынан мемлекетке 1,1 миллиард теңге көлемінде шығын келді.
Ал Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілін теріс пайдаланды деп айыпталу үстінде. Прокурорлардың айтуынша, ол Серік Ахметовтің бюджет қаражатының есебінен "СтальЦинк" фирмасынан жарық тіреуіштерді сатып алу, КЛК-ға жер телімдерін бөлу, сонымен қатар, қосылма тұлғалардың атымен тіркелген тас төсеуіш өндіретін "Евростандарт" зауытын ашу туралы заңсыз талабын орындаған. Нәтижесінде бұл кәсіпорынның өнімі қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарда қолданылды", - деп оқыды айыптау актісін прокурор.
Еске сала кетейік, осыған дейін адвокаттардың істің пара алу эпизоды бойынша Серік Ахметовтің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екендігі хабарланған болатын. Серік Ахметовтің адвокаты - Николай Лесник оның пара алмағанын мәлімдеді. Ол "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі аумағында жабдықтарды ауыстыру кезінде ақша аударымдары жүргізілген іскерлік хаттарды алдыру туралы кезекті өтінішін жазды. Қорғаушының сөзіне қарағанда, ол хаттар Ахметовтің индустриялық парк қаржысының жымқырылуына еш қатысы жоқ екенін дәлелдей алады.