Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Адвокаттар істің пара алу эпизоды бойынша Ахметовтің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын

10 Тамыз 2015, 17:51
0
Серік Ахметов. © Тengrinews.kz
Серік Ахметов. © Тengrinews.kz

Серік Ахметовтің қорғаушылары пара эпизоды бойынша оның кінәсіздігін дәлелдеуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағандыда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі мен Қарағанды облысының лауазымды тұлғаларына қатысты істің сот тыңдалымы жалғасып жатыр.

Бүгін Серік Ахметовтің адвокаты - Николай Лесник оның пара алмағанын мәлімдеді. Ол "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі аумағында жабдықтарды ауыстыру кезінде ақша аударымдары жүргізілген іскерлік хаттарды алдыру туралы кезекті өтінішін жазды. Қорғаушының сөзіне қарағанда, ол хаттар Ахметовтің индустриялық парк қаржысының жымқырылуына еш қатысы жоқ екенін дәлелдей алады.

"Егер бас мердігер "ҚазГерҚұрылыс" ЖШС қосалқы мердігерге жабдықтар үшін ақша аудармай, одан әрі аударса, жымқырылған қандай ақша туралы айтуға болады? Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Ахметовтің ұлының фирмасының шотына расында да ақша аударылған, бірақ ол жабдықты ауыстыруға арналған ақша екеніне куәгерлік ете алмайды", - деп түсіндірді сотқа адвокат Николай Лесник.

Сөзіне аяғында ол Ахметовтің кінәсіздігін дәлелдеу үшін іскерлік хаттарды алдыруды соттан сұрады.

Айта кетейік, бұл құжаттарды алдыруға бірқатар уақыт кетуі мүмкін, себебі шетелдік пошта серверлерімен байланысып, тиісті сауалдарға жауап алу ұзақ уақытты талап етеді. Адвокаттың өтінішіне қатысты пікірін жеткізген мемлекеттік айыптаушы тарап оны ашық күйінде қалдыруды сұрады, себебі бұл іске қатысты зерттеу толық аяқталмаған. Сот прокурорлармен келісті.

Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айыптың тағылғаны белгілі, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар. Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

Айта кетейік, бүгін сот отырысы барысында сотталушылардың бірі, бұрын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарған Айдос Жәкеновтің адвокаты судья Исламхан Есенбаевқа наразылығын білдірді. Бірақ нарызылық білдіру жөніндегі өтініш қабылданған жоқ.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай